Daily life and shopping » КГУ «Средняя школа №27» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
. «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 62-46-44
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 51-24-16
Нашар
көрушілер нұсқасы
19
Қазан
2018

Daily life and shopping


Күні: 15.10.2018 жыл

 

Уақыты:12:45                                                               

Оқушылардың жас ерекшеліктері: 14-15 жас

Пән: ағылышын тілі

Ашық сабақтың тақырыбы: «Daily life and shopping»

Мұғалім:Сазанбаева Г.А.

Мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын арттыру.

Сабақта топтық жұмысы, АҚТ, түсіндірмелі- көркемді, әңгімелесу әдістері қолданды. Сабақта оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бейнематериал көрсетілді. Әрбір топтың басшысы бірлескен оқу жұмысында құрдастарына көмек көрсете отырып, сабаққа деген қызығушылықтары артты. Түсіндірмелі – көркемді әдісті қолданған себебім: оқушылардың санасына кең түрде әсер ету. Әңгімелесу әдісі: оқушылардың біліміне сүйене отырып, сұрақтардың құрылымына қарай жаңа тақырыпты меңгеруіне көп үлесін қосты.         Сұрақтар логикалық ойлауға бағытталған. Суретпен жұмыс жүргізілді. Таратылған суреттердің астына іс-әрекеттерді жазып, слайдтан аударма жасалды. Сәйкестендіру әдісі жаңа сөздермен жұмыс кезінде қолданды. Мәтінмен жұмыс барысында әр топқа әртүрлі тапсырмалар берілді. Мысалы: сұрақтарға жауап беру, сұрақтар қою және дұрыс, дұрыс емес нұсқасын таңдау (True or Falls). Келесі кезеңде диалогпен жұмыс болды. Үш түрлі диалогтарды дұрыс бағытта қойды. Әр тапсырмадан кейін бағалаудың «бес саусақтар» әдісі қолданды.

Сабақтың соңында «Күн, бұлт, түн рефлексиясы» арқылы қорытынды жүргізілді. Оқушылардың  көпшілігі сабақтан жақсы әсер алғандарын және жаңа лексиканы үйрегендері туралы өз ойларын стикерге жазды.

Зерттеген оқушылар:

А - оқушы сабаққа белсенді қатысты. Топта спикер болғандықтан, топтағы балаларға көмек көрсетті. Өз ойын еркін жеткізе білді. Материалды жақсы қамтығандықтан, практика жүзінде жақсы қолдана білді.

Оқушы В – материалды қамтығанымен, грамматикалық қателер болды. Мұғалімнің көмегіне жүгінді. Топта белсенді қатысты, бірақ спикер ретінде жауап беруге талпынған жоқ.

Оқушы С – материалды түсінгенімен, өз ойын ағылшын тілінде жеткізе алмады. Тек қана біраз сөздерді айта алды. Грамматикалық қателер көп болды.

Ұсыныстар: А – модератор ретінде қатыстыру.

В – келешектегі сабақтарда спикер ретінде қатыстыру

С – қате болса да өз ойын ұялМамыр жеткізуге үйрету.