«Екі жұлдыз -2019» атты ән байқауы. » КГУ «Средняя школа №27» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
. «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 62-46-44
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 51-24-16
Нашар
көрушілер нұсқасы
02
февраль
2019

«Екі жұлдыз -2019» атты ән байқауы.

                                 «Екі  жұлдыз -2019»  атты  ән   байқауы.

  Өскемен  қаласы  әкімдігінің «№27  орта мектебі» КММ-де  1 ақпан  күні сағат 12.00-де  акт  залында    «Рухани   жаңғыру» бағдарламасы аясында                  « Екі жұлдыз-2019»  атты  ән  байқауы  өткізілді. Байқауға  мектеп  ұстаздарымен оқушылардан  құралған   14 жұп  өз бақтарын сынады.    Көрермен болып  мектептің  ұстаздары, ата-аналар   және 9-11 сынып  оқушылары келді.  Әрбір  жұп  өз  таңдаулары  бойынша  ән айтты.  Әділқазы алқасы байқауда  қатысушылардың әнді орындау шеберлігі мен сахна мәдениетіне, сахналық киімдері мен әннің мағынасына үлкен мән берді.                                                                                                                              Сайыс болған соң, жеңімпазда болады.   «Екі жұлдыз  -2019»  атты ән    байқауы қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын     қазақ  тілі  және  әдебиет  пәні мұғалімі  Үсенова  Айгерім Үсенқызы мен  4 «А» сынып оқушысы  Тұрсын Асланға,  ІІ орын  қазақ тілі   мен  әдебиеті пәні  мұғалімі  Муканов Бек  Шынгазинович пен   7 «А» сынып  оқушысы Болатханов  Қайсарға , ал байқаудың І орыны     өзің –өзі  тану пәні  мұғалімі  Амирова Талшын  Мураткановна  мен 2 «А» сынып  оқушысы   Нұрсолтанова   Аружан берілді.                                                                                                         ГРАН- ПРИ-ді  педагог- ұйымдастырушы  Садвакасов  Бақытжан Сагдолдинович  пен 4 «Ә» сынып оқушысы Рафисова  Рамина  жеңіп алды.  Сонымен  қатар  барлық қатысушыларды номинациялар мен марапаттады.Әділ қазылар алқасына  әрбір жұпты  бағалау  өте қиын  болды. Барлық   байқауға қатысушылар  жақсы  дайындалған. «Екі  жұлдыз» атты  ән    байқауы  өте  жоғарғы  деңгейде өтті. Байқаудың  соңында    әділқазы алқасы    қатысушыларға   жүрек –жарды тілектерің  айтып, мектебімізде    өнерлі  мұғалімдер  мен  оқушылардың     бар  екенін айтып  өтті.

 

 

Педагог-  ұйымдастырушы :  Нурсолтанова К.К.

«Екі  жұлдыз  -2019»  атты  ән    байқауы.