Күзгі демалыстың қорытындылары /Итоги осенних каникул
Күзгі демалыстың қорытындылары Біздің мектептің оқушылары іс-шаралардың қашықтық форматта болғанына қарамастан күзгі демалыстарын қызықты және пайдалы өткізді. Желілік демалыс кестесі «Демалыс» қалалық бағдарламасына сәйкес жасалып бекітілді, әр демалыс күнінің өз атауы болды: қауіпсіздік күні, спорт күні, мәдениет күні, отбасы күні, ғылым күні, еріктілер күні, мінсіздік күні, тіл күні, шығармашылық күні, еңбек күні.