Жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау » КГУ «Средняя школа №27» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
. «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 62-46-44
Есеп бөлімі:
+7 (7232) 51-24-16
Нашар
көрушілер нұсқасы
19
Наурыз
2021

Жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.
Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.
Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.
Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.