«Отбасының жағымды ахуалын құру» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы
«Отбасының жағымды ахуалын құру» атты мектепішілік ата-аналар жиналысы
Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ 13 қараша күні «Ана Үйі» бала асырап алуды қолдау орталығының аймақтық өкілі Каринэ Марьянян Армиковнаның қатысуымен «Отбасының жағымды ахуалын құру» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өтті. Жиналыс ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас пен пайда болатын мәселелер және мәселені шешу жолдарын тренинг арқылы көрсетті. Каринэ Армиковна жиналыста отырған әрбір ата-ананың сұрақтарына жауап бере алды. Ата-аналар қызығушылықпен тыңдап, «бала-ата-ана» қарым-қатынасына байланысты жаттығуларына белсене қатысып отырды. Жиналыс соңында ата-аналар Каринэ Армиковнадан жеке кездесіп, қосымша сұрақтар қойып, жадынамалар таратылды. Ата-аналар жиналысы өте қызықты және белсенді өтті.
