«Балақайлар мектебі» – Жаңа жылға сенімді қадам!/«Малышкина школа» — Уверенный шаг к новому учебному году! » КГУ «Средняя школа №27» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
. «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 62-46-44
Бухгалтерия:
+7 (7232) 51-24-16
Версия
для слабовидящих
» » «Балақайлар мектебі» – Жаңа жылға сенімді қадам!/«Малышкина школа» — Уверенный шаг к новому учебному году!
21
август
2025

«Балақайлар мектебі» – Жаңа жылға сенімді қадам!/«Малышкина школа» — Уверенный шаг к новому учебному году!

«Балақайлар мектебі» – Жаңа жылға сенімді қадам! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған немесе мектепалды дайындықтан өтпеген балалар үшін оқу жылы басталғанға дейін дайындық курстары ұйымдастырылады. Осыған орай, 2025 жылғы 18–29 тамыз аралығында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «27орта мектебі» КММ-де «Балақайлар мектебі» жобасын іске асыру аясында мектепке дайындық сабақтары өткізілуде. Мақсаты: Болашақ бірінші сынып оқушысының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, бастауыш мектепте оқуға дайындықты қалыптастыру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ мектепте сәтті бейімделуге, оқу мотивациясына және мектепке жағымды көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін жеке қасиеттерін дамыту. Міндеттері: 1.Мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балаларда оқу мотивациясын және қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты қалыптастыру. 2.Ұжымда қарым-қатынас жасау үшін қажетті сөйлеу және коммуникативтік дағдыларды дамыту. 3.Оқу әрекетінің бастапқы дағдыларын қалыптастыру (тыңдау, нұсқауларды орындау, топпен және жеке жұмыс жасау). 4.Эмоционалдық және әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз ету, оқу басталар алдындағы алаңдаушылықты төмендету. 5.Мектепке жағымды көзқарас қалыптастыру және оқушы рөлі туралы түсінік беру. Әр күн балалар үшін ойындар, танымдық сабақтар және шығармашылық ашылымдарға толы өтуде. Балалар үйренуде: •әріптер мен дыбыстарды тануға •топпен жұмыс істеуге, бір-бірін тыңдауға және түсінуге •қарым-қатынаста сыпайылық, құрмет және белсенділік танытуға Қимыл-қозғалыс белсенділігіне ерекше көңіл бөлінеді – қозғалмалы ойындар, дене жаттығулары, зейін мен үйлесімділікке арналған тапсырмалар жүргізіледі. «Балақайлар мектебі» балалардың мектеп ортасына бейімделуіне, жаңа достар табуына және жаңа оқу жылын қуанышпен күтуіне көмектеседі! «Малышкина школа» — Уверенный шаг к новому учебному году! Согласно требованиям п. 10 Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан № 564 от 12 октября 2018 года, для детей, не посещавших дошкольные учреждения или не прошедших предшкольную подготовку, организациями образования организуются подготовительные курсы до начала учебного года. В связи с этим при с 18-29 августа 2025 г. в КГУ «Средняя школа №27» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО в рамках реализации проекта «Малышкина школа» проходят занятия по подготовке к школе. Цель: Обеспечение всестороннего развития будущего первоклассника с целью формирования готовности к обучению в начальной школе, развития интеллектуальных и творческих способностей, а также личностных качеств, способствующих успешной адаптации, учебной мотивации и положительному отношению к школе. Задачи: 1.Формировать учебную мотивацию и интерес к познанию окружающего мира у детей, не посещавших дошкольные учреждения. 2.Развивать речь и коммуникативные навыки, необходимые для взаимодействия в коллективе. 3.Формировать базовые навыки учебной деятельности (умение слушать, выполнять инструкции, работать в группе и индивидуально). 4.Обеспечить эмоциональную и социальную адаптацию, снизить уровень тревожности перед началом школьного обучения. 5.Создать положительное отношение к школе и сформировать представление о роли ученика. Каждый день наполнен играми, обучающими занятиями и творческими открытиями. Дети учатся: •узнавать буквы и звуки •работать в команде, слушать и слышать друг друга •проявлять уважение, вежливость и инициативу в общении Особое внимание уделяется физической активности — подвижные игры, зарядка, упражнения на координацию и внимание. «Малышкина школа» поможет детям адаптироваться к школьной среде, завести новых друзей и с радостью ждать начала учебного года!