Педагогтерді аттестациядан өткізу » КГУ «Средняя школа №27» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
. «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 62-46-44
Бухгалтерия:
+7 (7232) 51-24-16
Версия
для слабовидящих
01
май
2024

Педагогтерді аттестациядан өткізу

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес", БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

       1. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
 

       2. "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым Министрі

А. Сәрінжіпов


Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 27 қаңтардағы
 № 83 бұйрығымен
 бекітілген




      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

       Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);

       2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) ("Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) үміткер педагог;

      3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);

      4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;

      5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;

      6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия;

      7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;

       8) біліктілік санаты – "Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;

      9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

      10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі;

      11) Сараптамалық кеңес – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау рәсімін жүргізетін алқалы орган.

       3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

       Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

 2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      4. Аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтердің, әдіскерлердің, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының біліктілік бағалауын портфолионы қарау арқылы жүргізеді.

      Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтеді.

       5. ПББ аттестатталушының өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.

      6. ПББ мынадай тапсырмалардан тұрады:

      1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары  педагогтері үшін:

"Мектепке дейінгі педагогика және психология" – жиырма тапсырма;

 "Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

 2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:

 "Пәндік білім" - отыз тапсырма;

 "Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;

 3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

 "Пәндік білім" - отыз тапсырма;

 "Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;

 4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

 "Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;

 "Психология негіздері" - жиырма тапсырма;

 5)арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар берушілері, тәлімгерлері үшін:

 "Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;

 "Психология негіздері" - жиырма тапсырма;

 6)арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:

 "Бейіні бойынша пәндік білім" - отыз тапсырма;

 "Арнайы педагогика және психология" - жиырма тапсырма;

 7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (оқу-өндірістік комбинаттары) үшін:

 жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері үшін:

 "Пәндік білім" – отыз тапсырма;

 "Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;

 басқа лауазымдардың педагогтері үшін:

 "Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;

 "Психология негіздері" - жиырма тапсырма;

 8) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:

 "Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу" бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:

 9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

"Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу" - елу тапсырма. 

 7. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:

 1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:

 "педагог" біліктілік санаты - 50%;

 "педагог-модератор" біліктілік санаты - 60%;

 "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70%;

 "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80%;

 "педагог-шебер" біліктілік санаты - 90%.

 2) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін – 70%;

 3) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

 "педагог" біліктілік санаты - 50 %;

 "педагог-модератор" біліктілік санаты - 60 %;

 "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70 %;

 "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80 %;

 "педагог-шебер" біліктілік санаты - 90 %.

Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бөлінеді.

 8.Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:

педагогтер үшін – сексен минут, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – жүз жиырма бес минут; 

білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут; 

 мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 (қырық) минут беріледі.

 9. ПББ:

 педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде;

мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін; 

 тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар өтілі жоқ тұлғалар, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар – 1 (бір) рет - тегін, кейінгілері – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде өтеді.

 Сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл бойы өтеді. Сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болып табылмайды.

 10.Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдары үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды.


https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013317

prilozhenie-15-ocenivanie-portfolio-baalau.docx [43,14 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: prilozhenie-15-ocenivanie-portfolio-baalau.docx
erezheler_kaz.docx [344,3 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: erezheler_kaz.docx