Педагогтерді аттестациядан өткізу
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі | А. Сәрінжіпов | |
Қазақстан Республикасы | ||
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
6. ПББ мынадай тапсырмалардан тұрады:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология" – жиырма тапсырма;
"Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
"Пәндік білім" - отыз тапсырма;
"Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;
3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Пәндік білім" - отыз тапсырма;
"Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;
4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;
"Психология негіздері" - жиырма тапсырма;
5)арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар берушілері, тәлімгерлері үшін:
"Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;
"Психология негіздері" - жиырма тапсырма;
6)арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
"Бейіні бойынша пәндік білім" - отыз тапсырма;
"Арнайы педагогика және психология" - жиырма тапсырма;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (оқу-өндірістік комбинаттары) үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері үшін:
"Пәндік білім" – отыз тапсырма;
"Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;
басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
"Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;
"Психология негіздері" - жиырма тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:
"Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу" бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:
9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
"Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу" - елу тапсырма.
7. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:
1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
"педагог" біліктілік санаты - 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 90%.
2) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін – 70%;
3) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
"педагог" біліктілік санаты - 50 %;
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 60 %;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70 %;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80 %;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 90 %.
Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бөлінеді.
8.Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:
педагогтер үшін – сексен минут, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – жүз жиырма бес минут;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут;
мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 (қырық) минут беріледі.
9. ПББ:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін;
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар өтілі жоқ тұлғалар, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар – 1 (бір) рет - тегін, кейінгілері – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде өтеді.
Сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл бойы өтеді. Сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болып табылмайды.
10.Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдары үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013317
Посмотреть онлайн файл: prilozhenie-15-ocenivanie-portfolio-baalau.docx
Посмотреть онлайн файл: erezheler_kaz.docx