«Өнерлі екен он саусақ» үйірмесі.
«Өнерлі екен он саусақ» үйірмесі.
2 «Ә» сыныбында «Аналар мектебі» жобасы аясында «Өнерлі екен он саусақ» үйірмесі жұмыс атқаруда, жетекшісі – Кенжетаева Сәуле. Үйірме сынып оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалануына өз қолдарымен әр түрлі заттар жасауға үйретеді. Өнерлі Ана оқушыларға түрлі – түсті қағаздан қоңыз жасауды үйретті. Балалардың үйірмеге деген қызығушылығы арта түсті. Үйірме аты айтып тұрғандай, оқушылар он саусақтарынан әр түрлі өнер келетінін түсінді. Болашақта бұл жобаның оқушыларға үйретері мол, оқушы мен ата – ана арасындағы қарым – қатынасты нығайтып, ата – аналардың мектеппен байланысын күшейте түседі. Осындай жұмыс арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс атқаруда.
2 «Ә» сынып жетекшісі:Базаргалиева К.А