«Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» атты апталығы
«Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» атты апталығы
«Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» атты апталығы Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ өтуде. Бұл апталықтың мақсаты оқушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің рухани-адамгершілік құндылықтарын жарыққа шығарып, жүректеріне бекіту. Рухани-адамгершілік құндылықтардың аясында әр бір адамның жүрегіне сүйіспеншілікті, махаббатты, тыныштықты, қиянат жасамауды, қамқор болуды ұялатуды мақсат етеді.
Апталықтың ашылу салтанаты 06.02.2019 ж «Начни день с добрых слов», «Күніңді жақсы сөзбен баста» атты іс-шарасымен басталды. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылар мен мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеріп, өмірге деген, әр күнге деген жақсы көзқарасты қалыптастыру. Іс-шараның өтілу барысында оқушылар жүректе жазылған сөздерге қарап, өзіне бүгінгі күнге қандай сөз қажет екенін және қандай сөз өзіне бүгінгі күнге күш беретінін таңдап алады.
Педагог-психолог Н.Асылбеков