Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ «Оқушылардың мотивациялық ортасын жоғарлату жұмыстарының әдіс-тәсілдері» коучинг тақырыбы бойынша рефлексиялық есеп
Мерзімі: 08.10.2018
Мұғалімдер саны: 40 мұғалім
Коучинг тақырыбы: «Оқушылардың мотивациялық ортасын жоғарлату жұмыстарының әдіс-тәсілдері»
Мақсаты: Оқушылардың мотивациялық ортасын жоғарлатуда тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырып, қолданысқа енгізу. Жас мамандарға теориялық және тәжірибелік қолдау көрсету.
Жауаптылар: Асылбеков Н.С, Калибасова Н.Е, Рысбекова А.Р, Мешелова Г.З, Қабылбаева Ж.Ш, Жақсыбаева Н.С.
Коучинг көрнекілігі ретінде компьютер, интерактивті тақта, А3 формат, аудио қолдандым, видеоролик, стикер, рефлексиялық ағаштар. Осы жоспар бойынша жұмыс атқарылды.
Коучинг психологиялық сергіту сәтімен басталды. Мұғалімдер «Джунглидағы жаңбыр» атты сергіту жаттығуын істеді.
Коучинг топтық жұмыс арқылы өткізілді. Коучингке қатысушылар бес топқа бөлінді: От, Су, Күн, Ай, Жұлдыз суреттері арқылы. Топқа бөлінген соң, әр топқа өздерінің ерекшеліктері аталды.
Келесі кезеңде «Балаға мотивация» атты видеоролик көрсетіліп, коучинг тақырыбы бекітілді. Мұғалімдер видеороликке қатысты өз ойларын айтып, коучинг тақырыбын ашты.
Коучингтің теориялық бөлімінде, мотивация жайлы түсінік айтылды. Мұнда мотивацияның түрлері, мотивацияны жоғарлатуда мұғалімге кеңестер берілді.
Коучингтің шығармашылық жұмыста әр топқа тапсырмалар берілді.
1 – топ. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын жоғарлату әдіс-тәсілдері
2 – топ. Мектептегі бір оқушының оқу мотивациясын жоғарлату әдіс-тәсілдері.
3 – топ. Мектептегі бір сыныптың оқу мотивациясын жоғарлату әдіс-тәсілдері.
4 – топ. Оқушылардың оқу мотивациясын жоғарлатудағы мұғалімнің рөлі.
5 – топ. Оқушылардың оқу мотивациясын жоғарлатудағы ата-аналармен жұмыс.
Топты бағалау: Әр топ үш баллдық жүйемен баға береді.
Шығармашылық жұмыста мұғалімдер берілген тапсырмалары бойынша әртүрлі тақырыпқа байланысты әдіс-тәсілдерді ұсына білді.
Коучинг соңында «Рефлексия ағашы» арқылы қорытынды жүргізілді. Мұғалімдердің көпшілігі коучингтен жақсы әсер алғандарын және жас мұғалімдер өздеріне керекті мәліметті ала алғандарын айтты.