«Сарқыт» акциясы » КГУ «Средняя школа №27» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
. «№27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (7232) 62-46-44
Бухгалтерия:
+7 (7232) 51-24-16
Версия
для слабовидящих
30
январь
2019

«Сарқыт» акциясы

«Сарқыт» акциясы


Сарқыт – қазақ халқының ырымдары қатарына кіретін, сый-құрмет көрсетудің көрінісі. Той-томалақ, айт, түрлі мерекелер болғанда шақырылған қонақтың, үйіндегі бала-шағасына, келіндеріне дастарханнан «ауыз тисін» деп  ала келетін дәмі. Бұл қазақ халқының дағдысында қалыптасып қалған ырым. Дастархандағы қант-кәмпит, ет тағамдарын қуанышымыз сіздің үйге де жұғысты болсын, жолын берсін дегенді білдіреді. Қай жағынан алып қарасаңыз да халқымыздың тәрбиесіне жарасымды салттың бірі. Рәсімнің бүгінгі күні сақталып қалуы да көңіл қуантарлық жайт.Осындай тамаша салт-дәстүріміздің аясында біздің мектебімізде де «Сарқыт» акциясы ұйымдастырылып отыр. 3 «Г» сыныбында «Сарқыт» акциясы  бойынша ата-аналар өз еріктерімен сыныбымыздағы аз қамтылған отбасы Кизеева Дарья әртүрлі тұрмысқа қажетті заттарды  және азық- түлікті табыс етті.

Өскемен қаласы әкімдігінің «27 орта мектебі» КММ  мектептегі осындай ұйымдастырылып жатқан акцияның өте тамаша екенін және де үлкен көмек екенін айтып, рахметін білдірді.

 

Сынып жетекшісі: Мурумбаева Гульмира Адильбековна

3 «Г» сынып

«Сарқыт» акциясы