23
апрель
2019
Өскемен әкімдігінің «№ 27 орта мектебі» КММ-де «Жүректен Жүрекке» акциясын өткізу туралы
Өскемен әкімдігінің «№ 27 орта мектебі» КММ-де «Жүректен Жүрекке» акциясын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысында тұратын көпбалалы отбасылардың және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға қолдау көрсету мақсатында 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Жүректен Жүрекке» акциясының іс-шаралары іске асуда. Науқанды өткізу мерзімі - 2019 жылғы 9 ақпаннан 01 маусымға дейін.
«Жүректен Жүрекке» акциясының мақсаты - әрбір азаматтың қайырымдылық іс-шараларға қатысуы және оларды іске асыруға қатысуы, балалар мен жасөспірімдердің қастерлі тілектерін орындау болып табылады. Осы акция шеңберінде балалардың немесе жасөспірімдердің шығармашылық дамуына байланысты киім, аяқ киім, кітаптар, білім беру ойындары, ойыншықтар, басқа да заттар мен негізгі қажеттіліктерді қарастырады.
Біздің №27 орта мектебімізде де оқушылардың өздерінің армандап жүрген тілектерін ұсынды. Көпшілік оқушылардың тілектерінде негізгі керекті заттар аталды: кеңсе тауарлары, спорттық киім-кешек, сырт киім, аяқ киім.
Сол тілектерге назар аударып, армандарына қол жеткізіп отырған жан ашыр, мейірімді адамдар өз көмектерін беріп отыр. Қазіргі уақытта акция аясында осы жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр.
«Мейрімділік — жүректен» — дейді дана халқымыз. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» — деген. Махаббат барлық адамгершілік бастауы десек, адам жүрегі махаббатқа сүйіспеншілікке толы болса ғана: мейрімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер байқалып тұрады. Бар мейрімділік, ізгілік, рақымдылық, имандылық, бауырмалдық, секілді ізгі қасиеттер жұдырықтай жүрегімізден шығауы қажет.
Педагог-психолог: Асылбеков Нұржан Серікұлы